Адам адамға жақсылық жасау үшін жаралған

Компания басшылығының бастамасымен «А.Р.Т.-Құрылыс» ЖШС ұжымының қайырымдылық-демеушілік шараларын тұрақты ұйымдастырып келе жатқанын атап өткен жөн.

2019 жылы Арыс қаласында болған оқиға барша Қазақстан халқының қабырғасын қайыстырды. Ел бірлігінің арқасында мұндай қиын кезеңнен сүрінбей өттік. Алғашқы болып көмек қолын созған біздің команда, зардап шеккен тұрғын үйлердің материалдарын тасымалдауға және жарамсыз үйлерді бұзуға бір неше көлік құралдарын беріп, тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын бірінші боп бастаған еді.

Ұлттық құндылықтарымызды сақтау, ұлықтау, өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына қазақтың салт-дәстүрлерін, үрдістерін сіңіру мақсатында Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қарабастау ауылында Анаға Тағзым және Боздақтар мемориалдық кешені орнаттылды.

Түркістан облысы Темірлан аулында 2-қабатты тұрғын үйлерінің сырттын жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласы Қазақ тілі қоғамы дамыту орталығы жүргізіп жатқан қазақ халқынын ана тілін дамыту жұмыстарына; «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығы ұйымдастырған математика пәнінен қалалық олимпиадасын өткізуге, соның ішінен дарында балаларын анықтау жұмыстарына;

Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау ұйымын қолдауға қаржылай көмек көрсетілді.

Шымкент қаласының мектептерінің біріндегі әлеуметтік осал топтарына жататын 300 оқушыға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.
Адам адамға жақсылық жасау үшін жаралған. Жақсылық пен игілікті іс жасау-үлкен адамгершіліктің белгісі. Бұл ісіміз өскелең ұрпаққа үлгі болсын!