Анаға Тағзым және Боздақтар мемориалдық кешені

Өлі риза болмай, тірі байымайды - деген қанатты сөз бар. Ұлы бабалары мен ұлы ағалардың және аналарының рухтарына тағзым жасап, олардың ұлылықтарына асқақтата түсетін кесене салу – бүгінгі ұрпақтың бір үлкен арманы еді.
Соны адалдықпен өтеу – перзенттік парыз. Парызға адалдықтың бір көрінісі – Бабалар алып берген кең байтақ өлкемізді түгел құлпыртып, түгел көркейту – бүгінгі біздер, ертеңгі жеткіншіктердің үлесіне тиіп отыр.
Ия, Халқымыздың болмысын қайта жаңғыртуды тарих бізге тапсырыпты.
Бұл мемориал кешені батырлардың рухына тағзым және жас ұрпаққа үлгі-өнеге болсын, халыққа рух берсін, және жастарымыз қазіргі заманның талабына сай озық үлгілерді үйреніп, абзал аналарымыздың өмірінен өнеге алып, абыройлы, білімді, иманды болып өссін деген ниетпен қойылып отыр.
Біздің парызымыз – бүгінде жетіп отырған құндылықтарымызды бағалай білу, оған жету жолында құрбан болған боздақтардың ерлігін және өнегелі өмір сүрген, ерлігімен есте қалған танымал әйелдер, белгілі тұлғалардың аналарын ұмытпау.

https://www.youtube.com/watch?v=Xzf-R4f2Wa0